ПЕШЕНЕСІНЕ ПЕРІШТЕБОЛУ ЖАЗЫЛҒАН АРУ ЕДІ…

10.12.2018 11:11

«Обще­ствен­ная пози­ция»

(про­ект «DAT» №39 (356) от 27 октяб­ря 2016 г.

Беу, дүние!


Өмірін обыр опы­рған тағы бір қаза­қтың қара­пай­ым қызы аспан­дағы ақша бұл­тқа айна­лып кет­ті…

Аты – Айгүл еді. Менің досым Болат­тың жары. Әбі­лов Болат! Бұрын­да­ры көп­шілік оны «Бутя» дей­тін.

Егер сол Болат­тың елге таны­мал атын шығарған екі құдірет бол­са, соның бірі осы – Айгүл-ару екен. Оған Айгүл­дің ақтық сапа­рын­да тағы да көзім жет­ті: жиы­лған жұрт­та қисап жоқ, төгіл­ген жас – көл-көсір… Өңмең­дер­де – өрек­пі­ген өкініш… Ал өкіні­штің өрши­тіні – өмір­дің жаз­мы­шы кел­те болуын­да.

«Көзім­ді тағы бір жет­кіз­ген» – жиы­лған жұрт­тың жылар­ман сөзі мен желі­де­гі жаз­ба­лар. Бір ғана желі­де­гі жаз­ба­ма жар­ты мың­нан астам адам көңіл айтып­ты. Бұрын-соң­ды менің парақ­шам мұн­дай нөпір­ді көр­ме­ген. Билік­ке бишік ала «жүгір­ген» мақа­ла-сақа­ла­ма да мұн­ша­лы­қты мән бер­ген бей­іл бол­маған.

Ал Гүл­жан апам­ның Ерға­ли­е­ва), Зей­нол­ла­ның Кәкім­жа­нов), Әмір­жан­ның Қоса­нов) жаз­ба­ла­ры­на жау­ап қатқан жұрт­тың жал­пы жиы­ны үш мың­нан артып жығы­лған екен. «Атқа­мі­нер» атағы, «қырып тастаған» қыз­меті, елге «сіңіріп кет­кен» еңбе­гі асып-төгіл­ме­ген Айгүл­дің ажа­лы­на ағай­ын-жұрт неге сон­ша­лы­қты «аһ» ұрды? Қыр басын­дағы қоры­мға қалқиып қарап қалған Болат үшін ғана ма?

Бәл­кім… Аттан түс­се де, атағы ары­маған аза­мат­ты қол­ты­қтан демей­ін деген шығар…

Бірақ «көзді жет­кіз­ген» көп­шілік­тің көңілін­де Айгүл­дің ала­бө­тен өз аты қалған екен. Өмір­дің қызы­ғы­на лепір­ме­ген, қиын­ды­ғы­на қай­ы­спаған, сот­ты да, отты да болған Бола­ты­на адал жар атанған айғай-шусыз атағы қалып­ты. Бай болып – шама­сыз шалқы­маған, жай болып – қалың қара­ның қата­рын­да қор­лан­баған қал­пы тән­тілік туды­рған шығар… Қара­пай­ым­ды­ғы сол – осы Айгүл­ді талай той­дан, ду-думан­ды дастар­хан басы­нан біраз көр­дім: төгіл­ген көй­лек киініп, өн бой­ы­на гауһар­тас тағы­нып кел­генін көр­меп­пін. Көп­тің көзіне көл­бең­деп түс­пей­тін тұр­па­тын талай­лар таны­ған. Тар­лы­қты тат­па­са да, бар­лы­ққа бат­паған бай­ып­та болу – естінің ғана есесіне бұй­ы­ра­тын жаз­мыш бол­са керек.

Көп жыл­дар Болат­пен қатар жүр­ген Зей­нол­ла желі­ге жазып­ты: «Біз Айгүл­дің ойы мен жаны­ның таза­лы­ғын оның жылы және кір­шіксіз көңілі­нен көру­ші едік. Ол өзіне рух беретін жақ­сы­лы­қтар­дың ғана жанын­да жүретін. Енді мәң­гілік­ке кет­кен Айгүл­дің сол қаси­еті­мен таза­руға құштар­мыз… Сенің өмір­ден өтуіңнің өзі біз­ге жап-жарық сәу­ле қал­дыр­ды…» – деп. Жаны шын жылаған достың сөзі осын­дай бола­тын шығар.

Мені құшағы­на қат­ты қысып тұрып, бота­дай боздаған Болат айт­ты: «Айгүл­ді сақтай алма­дым… Ол таңғы таза­лы­қ­пен бір­ге кет­ті… Ешқай­сы­мы­зды қиналт­пай­ын деп, өмір­де қан­дай қара­пай­ым бол­са, солай – үн-түн­сіз кете бар­ды…».

Үйін­де соңғы рет түне­ген Айгүл­дің қонақа­сы кезін­де Гүл­жан Хами­тқы­зы айтқан еді: «Ол өз отба­сы­ның нәзік және ерке рухы бол­ды… Ешкім­нің көзіне түс­пей, Болат­ты үлкен биз­не­сте, сар­саң сая­сат­та, өмір­дің сан қилы бұры­лыс-бұра­лаңын­да желеп-жебеп жүр­ген пері­ш­те еді…».

Пері­ш­те!

Иә, сол кеш­те «пері­ш­те» деген құдірет­ті сөз жиі айтыл­ды. Олжас аға Сүлей­ме­нов) ақын­дық ары­н­мен: «Талай рет дәм-тұз­дас болған Айгүл­ді жақ­сы білу­ші ем – ол енді пері­ш­те­лер еліне кет­ті…» – деген-ді.

…Рас, пеше­несіне пері­ш­те болу жазы­лған ару сол күні Алма­ты­ны тұта­са басқан бұй­ра бұлт­тар­дан асып, соңын­да жабы­рқап қалған жұр­ты­на, дос-жаран­да­ры­на, жақ­сы мен жай­саңға жебе­уші болуға кет­ті ме екен?

Ермұрат БАПИ


Другие материалы в этой категории: Борис Ложкин — продать в кредит »